Түркістан облысында 900 мыңға жуық бала мен жасөспірім өсіп келеді. Алайда жасөспірімдер арасындағы суицид деректері қоғамды алаңдатпай қоймайды. Баланың жан дүниесін дер кезінде түсініп, қиын сәтте қолдау көрсету, бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта өңірде психолог мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған форум өтті.
️