Болашақта Конституцияға қандай да бір, тіпті шағын өзгеріс енгізу қажет болса, ол тек референдум арқылы жүзеге асуы тиіс. Бұл туралы Президент волонтерлер форумында айтты. Мемлекет басшысы Ата заңға қатысты барлық жаңашылдық халықтың қатысуымен, ашық түрде шешілуі керек екенін атап өтті. Сондай-ақ елдің басты құжатында гуманитарлық құндылықтарды нығайту маңызды екенін жеткізді.
️