Шымкентте ескі үйлер біртіндеп жаңарып жатыр. Көксай тұрғын ауданында реновация бағдарламасы бойынша екі қабатты 23 үй тізімге енген. Қазір бұл жұмыстың жартысынан көбі аяқталған. Бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы жаңа пәтерге көшіпті. Оларға Шымкент Сити мен Тұран шағын аудандарынан заманауи, толық әрленген пәтерлер берілген.
️