Түркістандық белсенді жастар жалғызбасты қарияға көмек көрсетті. Олар жасы 90-ға таяған Раиса Шакированың ауласын қоқыстан тазалап, үй шаруасына жәрдемдесті. 3 ай бұрын ғана жұбайынан көз жазып қалған әжей қазір жалғыз өзі тұрады. 40 жылдан аса уақыт теміржол саласында еңбек еткен. Оған қоса тыл ардагері.
️