Еліміздің жаңа Ата заңының алғашқы жобасы жасалды

26
30.01.2026 19:00

 Қазақстанның жаңа Ата заңының алғашқы нұсқасы таныстырылды. Алты ай бойы азаматтардан түскен ұсыныстар мен сарапшылардың пікірлері ескерілген құжат жаңа редакциядағы Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Жобада мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екені нақты жазылып, «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді. Сондай-ақ жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау күшейтіліп, жеке деректер мен хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалатыны айқындалған. Конституциялық Соттың мәртебесі мен өкілеттіктері сақталып, халықаралық ұйымдар шешімдерінің Конституцияға сәйкестігін қарау құқығы бекітілді. Президент институтына қатысты талаптар нақтыланып, Үкімет қызметі, азаматтық мәселесі, қос азаматтыққа тыйым салу және сот шешімінсіз ұстау кепілдіктері қайта қаралған.