30 қаңтар – Әскери топографтар күні. Бүгінде олар автоматтандырылған жүйелер мен үшөлшемді модельдеу технологияларын белсенді түрде енгізуде. Соның нәтижесінде цифрлық ұрыс алаңы қалыптасып, жер бедері туралы нақты әрі сенімді ақпарат ұсынылады. Әскери топографтар оқу-жаттығулар мен күнделікті қызметте қолданылатын карталарды әзірлеп, басып шығарады. Олардың қатарында топографиялық, теңіз және арнайы карталар, сондай-ақ қала жоспарлары бар. Бұл деректер әскерлердің әрекетін дәл жоспарлауға мүмкіндік береді.
️