Көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыруға 1580-нен астам өтініш түсті

13
29.01.2026 19:13

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыруға 1580-нен астам өтініш түсті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Бағдарламаға өтінім қабылдау өткен жылдың қазан айынан басталған болатын. Тауар өндірушілер үшін 273 млрд теңге бөлінген. Қазір оларға 172 млрд теңге беріліп үлгерген. Қаржыландыруды ерте бастау шаруаларға биылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Алынған қаражат жанар-жағармай мен минералдық тыңайтқыштарды арзан бағада сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге жұмсалады.