Жастар кадрлік резервіне іріктеу өтті

68
23.08.2021 22:27

1 қыркүйектен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің екінші кезеңі басталады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік секторға 50 адам таңдап алынады. Осы тұста үміткерлерге қойылатын талап бірінші Қазақстан азаматы болуы, жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы керек. Тағы бір жаңашылдық – кандидаттың қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешуге қызығушылық танытуы жоғары бағаланады. Жоба үшін арнайы портал іске қосылады. Іріктеу кезеңіне бұған дейін саяси, мемлекеттік және әкімшілік корпус қызметіне тағайындалғандар қатыса алмайды.