Алматыда қоғамдық көліктердің бірінде ұрлық жасаған күдікті келіншек ұсталды. Әйел таңертеңгі уақытта автобус ішінде тұрған жолаушының сөмкесіне сұғанақтықпен қол жүгіртіп теңге мен шетел валютасындағы қаражатты және алтын бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асады. Полицияның мәліметінше, жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктінің қылмысқа қатысы бары толық дәлелденген. Тінту кезінде ұрлық фактісін растайтын заттай дәлелдер табылып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді.
️