Елімізде "Қауіпсіз аула" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

14
29.01.2026 19:12

Елімізде жыл сайын өтетін «Қауіпсіз аула» республикалық профилактикалық шарасы биылда жалғасын тапты. Шара аясында Түркістан облысында 2161 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл шараға 718 қызметкерлер мен 71 қоғамдық еріктілер қатысқан. Құқықтық тәртіпті нығайту, соның ішінде масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараны 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткізу жоспарланған. Нәтижесінде бірқатар тұлғаның белгіленген шектеулерді бұзғаны анықталды.