Отбасы банк мемлекеттік тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың дерекқорын жаңартып, нәтижесінде 55 мыңнан астам адам тізімнен уақытша шығарылды. Негізгі себеп – олардың меншігінде немесе жұбайының атында тұрғын үйдің тіркелуі. Банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қазіргі таңда кезекте 642 мың адам тұр. Оның 244 мыңының тұрғын үйге мұқтаждығы мен қаржылық төлем қабілеті туралы деректері талаптарға толық сәйкестігін растаған. Сонымен қатар, үлестік меншік мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кедергі келтірмейтіні нақтыланды.
️