Елімізде балет пен цирк өкілдері қорғалмаған

10
29.01.2026 19:08

 «Елімізде балет пен цирк өнерінің өкілдері мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдауды әлі күнге сезіне алмай келеді». Осылай деген сенатор Бибігүл Жексенбай  депутаттық сауалында мәдениет пен өнер саласын дамытуға қатысты қордаланған  мәселелерді көтерді.  Бұл тақырып бұған дейін Астана қаласындағы мәдениет ұйымдарының ұжымдары сенатормен кездескен кезде де кеңінен сөз болған еді. Сала өкілдері ең алдымен кадр тапшылығы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі және мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыда қорғалмауы сияқты түйткілдерді алға тартқан болатын.  Алайда, әлі нақты шешім мен қолдау жоқ. Атап айтқанда, заманауи мамандықтарды енгізу мен техникалық стандарттарды жүйелеу және  инклюзияны дамыту сияқты  бағыттар жеткілікті деңгейде бекімеген. Сондай ақ, сенатор елордада өтетін концерттердің техникалық деңгейі сын көтермейтінін де тілге тиек етті.