Шетел азаматтарының заңсыз келуін ұйымдастырған адамдар қамауға алынды

24
28.01.2026 21:10

Еліміздің бірқатар өңірінде заңсыз көші-қон фактілері анықталды. Ішкі істер министрлігінің жедел-іздестіру шаралары барысында Павлодар облысы мен солтүстік өңірлерде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған тұлғалар ұсталды. Күдіктілерден көлік құралдары, қарда жүретін техника, шетелдік паспорттар мен түрлі техникалар тәркіленді. Негізгі ұйымдастырушылар қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 392 және 394-баптары бойынша тергеу жүргізілуде.