Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында Ата заң мәтінінің 84 пайызына түзетулер енгізілді. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның төртінші отырысында мәлім болды. Жаңартылған жобаға сәйкес, қолданыстағы Конституцияның құрылымы едәуір өзгеріп, бөлімдер саны 9-дан 11-ге, баптар саны 101-ден 104-ке артты. Онда мемлекет дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындайтын құндылықтар, мақсаттар мен қағидаттар нақтыланған. Мемлекеттік рәміздерге қатысты нормалар да жетілдірілді. Реформа аясында бір палаталы Парламентке көшу қарастырылып, Құрылтайдың өкілеттіктері, заң шығару тәртібі және Үкіметпен өзара байланысы қайта қаралды. Бұл өзгерістер Үкімет туралы бөлімге де бірқатар нақтылау енгізуді талап етіп отыр.Түзетулерді қамтыған Конституцияның алғашқы жобасы әзірленді. Құжат қазір комиссия мүшелері мен жұмыс топтарының талқылауында. Келесі, бесінші отырыс 29 қаңтарда өтпек.
️