Бүгінде Түркістан облысында шамамен 150 түрлі фрамцевтикалық дәрі-дәрмек жетіспейді. Оған соңғы жылдары дәрілердің шекті бағаларын қалыптастыру қағидаларына жиі өзгерістердің енуі себеп болып отыр. Оларды сату қиын болғандықтан кейбір дәірханалар мұндай препараттарды мүлдем саудаға шығармайтын болған. Осы мәселе бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасында талқыланды. Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында 781 дәріхана тіркелген болса, оның 442-сі елді мекендерде орналасқан. Яғни, фармацевтикалық қызметтің негізгі салмағы ауылдық жерлерге түсіп тұр. Сондықтан бағаны реттеудегі кез келген өзгеріс ең алдымен ауылдағы ағайын мен шағын кәсіпкерлерге әсер етіп жатыр.
️