Фастфуд жеп, энергетикалық сусын тұтынатын жасөспірімдер азаймай отыр

23
27.01.2026 20:56

Энергетикалық сусындар мен фастфуд балалар мен жасөспірімдердің күнделікті жейтін  тағамына айналып барады. Үкімет басшысы осылай деп дабыл қақты. Олжас Бектенов жастардың зиянды тағамдарға тәуелділігі күшейіп, оның салдары халықтың денсаулығына тікелей қауіп төндіріп отыр дейді. Мәселені шешу үшін денсаулық сақтау министрлігіне нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.