Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің cаны 31 тауарға ұлғайды. Бұрын небәрі 19 болатын. Жаңа тізімге қияр, қызанақ, алма, шай, қаймақ, балық, тауық, сиыр және жылқы еті, сондай-ақ қатты ірімшік енгізілді. Осыған байланысты қазір республика бойынша бағаны тұрақтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімдігі де бұл мәселені назарсыз қалдырмады.
️