Түркістан облысында капсулалы үйлер шығарылып жатыр

19
26.01.2026 20:25

Түркістан облысында заманауи баспана, капсулалы үйлерге сұраныс артып келеді. Өңірдегі өндіріс орындарының бірінде Қазақстан бойынша алғаш рет капсулалы үйшік құрастырылып жатыр. Жаңашыл жобамен облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы танысып, оң бағасын берген еді. Ерекше форматтағы баспананың мүмкіндіктерін тілшіміз Жұлдыз Батырбекқызы көріп қайтты.