Үндістанда шыққан Нипах вирусы: Қазақстанға қауіп бар ма?

20
26.01.2026 20:24

 Үндістанда Нипах вирусының таралуына байланысты жұртшылық арасында алаңдаушылық күшейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан аумағында бұл вирусты жұқтыру немесе оны елге сырттан әкелу деректері тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соған қарамастан, мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Әсіресе Үндістаннан және Нипах вирусы тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін жолаушыларға ерекше назар аударылуда. Айта кетейік, Нипах вирусы жарқанаттардан, шошқалардан, сондай-ақ инфекция жұқтырған адаммен жақын әрі тығыз байланыс кезінде берілу қаупі бар. Бұдан бөлек, вирус бүлінген тағам немесе сусын арқылы да жұғуы ықтимал. Бұл вирусқа қарсы арнайы ем де, вакцина да жоқ. Осыған байланысты азаматтарға эндемиялық елдерге сапар кезінде жеке профилактика шараларын қатаң сақтау ұсынылады.