Астана қаласында Нәзір Төреқұлұлының мұражайы ашылды. Ғимарат бас шаһардағы нөмірі 35 мектеп-лицейдің аумағында орналасқан. Жиынға тұлғаның туыстары, нәзіртанушы ғалымдар мен елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Мұражай ішінде экскурсия өткізіліп, ғылыми конференция ұйымдастырылды. Оған белгілі қайраткер Қуаныш Айтаханов модераторлық етті. Зерттеушілер тарихи тұлға туралы еңбектерімен бөлісті.
️