Ақсай қаласында жер үй өртеніп, үш адамның мәйіті табылды

17
26.01.2026 20:21

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жер үй өртеніп, салдарынан үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 25 қаңтар күні түнде болған. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тұрғын үйдің толықтай отқа оранғанын көрген. Өрт сөндірілгеннен кейін үй ішінен үш адамның мәйіті табылған. Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші жұмылдырылып, жалын шамамен 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.