Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелесіп қалды

14
23.01.2026 18:28

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелесіп қалды. Желіде тараған бейнежазбада оның орынбасары Дәурен Есімхановпен жаға жыртысып, кабинеттен шыққаны көрініп тұр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Еске сала кетейік, Серік Сәпиев 2012 жылы лондонда өткен олимпиада жеңіске жетіп, чемпион атанған. 2024 жылдан бері қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады. Ал, оның орынбасары Дәурен Есімханов самбодан әлем және Азия чемпионы.