Қорғаныс министрлігінде 5- Ұлттық құрылтайда жарияланған реформаларға арналған кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға бас штаб пен қарулы күштердің басшылық құрамы қатысты. Жиынға әскер түрлері мен тектерінің қолбасшылығы, гарнизондардағы әскери бөлімдер, мекемелер мен әскери оқу орындары видеоконференция арқылы қосылды. Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жеке құрамға Президенттің жиында айтқан нақты бастамаларын түсіндірді. Ол бағдарламалық мәлімдеменің кешенді сипатын атап өтіп, онда идеология, мемлекеттік біртұтастық, экономика, әлеуметтік сала, мемлекеттік басқару және сыртқы саясат мәселелері қамтылғанына тоқталды. Сонымен қатар, қорғаныс министрі армияның цифрлық трансформациясына қатысты мәселелерге де баса назар аударды.
️