Былтыр Түркістан облысы алғаш рет мемлекеттік бюджетке 1 трлн теңге салық жинады

14
23.01.2026 18:25

 Былтыр Түркістан облысы алғаш рет  1 триллион теңгеден астам салық жинады. Бұл 2024 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 235 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов баспасөз отырысында мәлімдеді. Айтуынша, өңірге инвестицияның көптеп тартылуы салықтық түсімдерге оң әсер еткен. Сонымен қатар, аталған департамент  ұдайы салықтық және кедендік әкімшілендіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде  былтыр 12 млрд. теңгеге  жуық қосымша кіріс көздерін анықтап, өндірген.