Қорғансыз адамдарды қарызға батырған қылмыстық схема тоқтатылды

11
23.01.2026 18:24

Әлеуметтік осал азаматтардың атынан автонесие рәсімдеп, автокөліктерді шетелге шығарып отырған қылмыстық топ ұсталды. Полицияның  мәліметінше, күдіктілер еліміздің бірнеше қалаларында заңсыз әрекет еткен. Тергеу барысында қорғансыз азаматтардың қысым көру арқылы өз аттарына автонесие рәсімдеуге мәжбүр болғандары  анықталды. Күдіктілер төлем қабілеттілігін көрсету үшін олардың банк шоттарын уақытша толықтырып, жалған көрсеткіш қалыптастырған. Кейін жалған құжаттарды пайдаланып, автокөліктерді кепілге қойып, микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Ал қымбат көліктер шетелде сатылған. Қазірге дейін осындай 15 дерек тіркеліп, тергеу амалдары жалғасуда.