Келес ауданында Асанәлі Әшімов тұрады

11
23.01.2026 18:23

Келес ауданында Асанәлі Әшімов есімді бүлдіршін тұрады. Ұлы актермен аттас бала қазір 4 жаста. Есімін әжесі Гүлжан Жақсыбаева әйгілі актер әрі кинорежиссердың құрметіне арнайы ырымдап қойған екен. Бұл шешіміне ұлы мен келіні де қарсы болмаған. Әжесінің айтуынша, Асанәлі салмақты әрі зерек, сөзге жүйрік екен. Тіпті,  өнерге де құмартып өсіп келе жатыр дейді. Бала кезінен мәдениет майталманының жанкүйері болған Гүлжан Жақсыбаева бүгінде  4 ұлынан 11 немере сүйіп отыр. Әжесі бүлдіршін Асанәлі Әшімовтың болашағынан зор үміт күтеді.