Түркістанды қар басты: коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

14
23.01.2026 18:22

Түркістан облысында қыс енді ғана мінез көрсетті. Қаңтарда жауған қалың қар мен үскірік жел жолға шыққан жұртты әбігерге салды. Кей бағыттарда көліктер межелі жеріне жете алмай, жолда қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде бірқатар автожолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылған. Біздің түсірілім тобы жабылған бағыттарда болып, жағдайды көзбен көріп қайтты.