Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынған еді. Әдепкіде бұл кеңес Газадағы бейбітшілік жоспарының орындалуын қадағалайтын әлемдік көшбасшылардың шағын тобы ретінде ойластырылған еді. Кейін, Трамптың бұл бастамаға қатысты жоспары өзгеріп, Бейбітшілік кеңесінің түрлі қақтығыстарда арағайындық рөл атқаратынын жариялады. Бірқатар елдер Ақ үй әкімшілігінің ұсынысына жауап бермеді, ал кейбір еуропа мемлекеттері бұл ұсыныстан бас тартқан.
️