Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Өңірдегі Шемонаиха ауданында орналасқан «Глинковское» кен орнында серіктестік басшысы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру мен өткізуді ұйымдастырған. Компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ғана құқық берген. Бірақ, пайдалы қазбаларды өнеркәсіптік көлемде өндіруге рұқсаты болмаған. Соған қарамастан, айыпталушылар құрамында темір элементі бар тау жынысын қайта өңдеп ішкі нарыққа және Қытайға өткізген. Заңсыз өндірілген өнімнің жалпы көлемі 70 мың тонна. Ал, қылмыстық табыс сомасы 1 млрд теңгеден асады.
️