Шетелдік студенттер саны 2029 жылға қарай 100 мыңға жетуі мүмкін

19
22.01.2026 21:31

Алдағы 3 жылда қазақстандағы шетелдік студенттер саны 100 мыңға жетуі мүмкін. Өйткені қазір Қазақстанда білім алғысы келетіндер көбейген. Мәселен соңғы кезде Азия елдерінен келген студенттер саны алғаш рет ТМД мемлекеттерінен келген жастардың санынан асып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Ведомства өкілінің сөзінше, шетелдік студенттерді тарту мақсатында елімізде жаңа жобалар қолға алынған.