Түркістан
EN

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңғыру

432
21.01.2026 20:55

Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа реформалар тарихи сабақтастықты сақтай отырып, билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнатуды көздейді. Ұлттық құрылтайда айтылған саяси өзгерістерге байланысты заңгерлер осындай пікір білдірді. Айтуларынша, Парламентке Құрылтай атауының берілуі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды саяси-құқықтық қадам ретінде қарастырылып отыр. Ал вице-президент лауазымын бекіту туралы ұсыныс атқарушы биліктің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін қадам ретінде бағаланбақ. 

️