Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

17
21.01.2026 20:54

 Елімізде балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл Ұлттық құрылтай отырысында айтылған  ұсыныстардың бірі. Сергей Пономарёв балалардың ойлау қабілеті нашарлап, аналитикалық дағдысы дамымай жатқанын алға тартты. Сондықтан онлайн платформаларға шектеу енгізуді сұрады. Халықаралық тәжірибеге назар аударған құрылтай мүшесі, шетелде жасөспірімдердің 14 жасқа дейін, кейбір елдерде тіпті 16 жасқа дейін желіге тікелуге тыйым салынғанында тілге тиек етті. Бұған қатысты жасөспірімдердің пікірі қандай?