Бірлікке бастар жаңа құрылым

15
21.01.2026 20:51

Қазақстан халқы Ассамблеясының орнына Қазақстанның Халық кеңесі құрылады. Жаңа құрылым қоғамдық дамуға қатысты барлық маңызды мәселелерді талқылайтын жалпыхалықтық диалог алаңы ретінде жұмыс істемек. Кеңес құрамына елдің барлық өңірі мен этностарын қамтитын 126 өкіл енуі ұсынылып отыр. Бұл бастама қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты күшейтіп, азаматтық белсенділікті арттыруды көздейді. Түркістан өңіріндегі қоғамдық ұйым өкілдері жаңа кеңестің жұмысы бұрыннан қалыптасқан келісім мен ынтымақ бағытын сақтай отырып, мазмұн жағынан кеңейе түсетініне сенімді.