Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, бір адам қаза тапты

14
21.01.2026 20:50

Шымкентте соңы адам өлімімен аяқталған қанды төбелеске қатысы бар төрт күдікті  ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған азаматтар кісі өлтіру және бұзақылық жасады деген күдікпен қолға түскен. Еске салайық, жол апаты 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Апаттан кейін жүргізушілер арасында жанжал туындап, оған үшінші көлікпен келген адамдар да қосылған. Қақтығыс барысында бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Соның салдарынан 40 жастағы ер адам  көз жұмып, тағы бір азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын.