Түркістан
EN

«Ұлы бабаларымыздың өсиетін тек мерейтойында еске алу дұрыс емес»

440
21.01.2026 20:45

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында ұлы ойшылдардың мұрасын кеңінен насихаттау мәселесін көтерді. Президенттің айтуынша, Абай ілімі – рухани болмысымыздың өзегі, ал «Адал азамат» тұжырымдамасы оның «Толық адам» идеясы арқылы сабақтас. Осы орайда Абайдың Қара сөздерін ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, Әл-Фараби мен Ясауи ілімдері ұлттық руханияттың тірегі ретінде аталып, олардың мұрасын зерттеу мен дәріптеуді күшейту қажеттігі айтылды. Бұл бастамаларды жергілікті ғалымдар да қолдап отыр.

️