Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды

11
21.01.2026 12:07

Мемлекет басшысының төрағалығымен бүгін Қызылордада  Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Алқалы жиында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыға түсіп, елдің  дамуы мен өркендеуіне бағыт-бағдар беретін тың ұсыныстар айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқару жүйесін жетілдіруге  қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.