Жаңа Парламентте арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмайды – Президент

12
21.01.2026 12:06

Жаңадан жасақталатын Парламентте арнайы тағайындалған "таңдаулы тұлғалар" болмайды. Депутаттар бұдан былай пропорционалды жүйе қағидатымен сайланбақ. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейте түседі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болғанын айтты. Жаңа сайлау жүйесі депутаттардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырмақ.