«Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек. Ұлттық құрылтайда осылай деген президент Абай ілімі ұлттық болмысымыздың өзегі екенін айтып, қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатқанын мәлімдеді. Әл-Фараби мен Ясауи ілімдерін де ұлт руханиятының қазығы деп атап, ұлы тұлғалардың мұрасын кеңінен дәріптеуді қолға алу керектігін жеткізді
️