Еңбек қатынастары – қоғамдағы тұрақтылықтың басты тетігі. Бүгін Түркістан облысының Еңбек инспекциясы департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынның негізгі мақсаты – еңбек қатынастарында туындайтын заңбұзушылықтардың алдын алу және мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстарын күшейту. Іс-шара барысында арыз-шағымдарды қарау, өндірісте жарақат алу жәйттерін болдырмау жайы талқыланды. Сонымен қатар ұжымдық шарттарды электронды форматқа көшіру бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Цифрландыруды қажет ететін 1500 ұжымдық шарт жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге арналған enbek.kz порталына толықтай енгізілді.
️