Қыс ортасында 170-тен астам үй газсыз қалды

18
21.01.2026 12:00

Түркістан облысында қыс ортасында 170-тен астам үй көгілдір отынсыз қалды. Сарыағаш қаласында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, газ құбырына соғылған. Апат салдарынан 174 жеке тұрғын үйге газ беру уақытша тоқтатылды. «QazaqGaz Aimaq» компаниясының мәліметінше, 50 метр радиуста аумақ толық тексерілген. Қазір апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газ беруді қалпына келтіру мерзімі жөндеу мен бақылау тексерістері аяқталғаннан кейін белгілі болады.