Түстіктің жұрты үшін қымыз десе, алдымен ойға «Диханкөл» оралады. Өйткені, Өгемтау, Қаржантау, Қазығұрт таулары баурайында орналасқан ауылдың бал татитын ұлттық сусыны еліміздің тұрғындарынан бөлек, шетелдіктерге де танылып үлгерген. Тіпті «саумалы ішемін» деп, ем іздеп келетіндердің қатары жыл сайын көбейіп келді. Себебі олар қысы-жазы келушілерге бал татыған қымыз ұсынады.
️