Қар құрсауынан 3 адам құтқарылды

9
20.01.2026 12:46

Жетісу облысында 3 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оқиға Алакөл ауданы, Үшарал автожолында орын алды. Көктұма станциясынан 15 км жерде жеңіл көлік қар құрсауында қалып, қозғалыс тоқтаған. Төтенше жағдайлар қызметі адамдарды құтқарып, станцияға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ азаматтары жолға шықпас бұрын ауа-райы жағдайларын ескеруге және жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.