Ақтөбе облысының Хромтау қаласында орналасқан дәмханада газ жарылды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды. Жарылыс көпқабатты тұрғын үйлердің жанында орналасқан бір қабатты шағын ғимаратта болған. Апат орнында түсірілген бейне кадрларға қарағанда, жарылыстың күші соншалық ғимараттың шатыры ұшып кетіп, кейін өрт тұтанған. Оқиға орнынан 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Мамандардың мәліметінше, ғимаратта ыстық сумен жабдықтауға арналған газ жабдығы жарылған. Кейінірек апатқа 12 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы себеп болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
️