Премьер министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен халықаралық қаржы ұйымдарына қатысты кеңес өтті. Бірлескен жиын барысында экономикалық реформалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар мәселе талқыланды. Сондай ақ, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған сала негізінде ұлттық байланыс жасайтын тұлға Әсет Ерғалиев болғанын атап өтті. Ол бұған дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болған еді. Кеңес барысында Ақмола облысының инфрақұрылымына Азия даму банкінің қатысу туралы сөз болды. Жиын соңында тапсырмалар мен ұсыныстарды уақтылы орындау қажеттігін атап өтті.
️