Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасында өмірден өтті. 1940 жылы 14 қарашада дүниеге келген көрнекті діни қайраткер тәуелсіздік жылдарында еліміздің ислам институттарының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол бас мүфти болған кезеңде елдегі мешіттер саны 1,5 мыңға дейін артты, Алматыда Бас мешіт салынды. Сонымен қатар Ислам университеті мен медреселер ашылып, діни басылымдар жарық көре бастады. Рәтбек қажы Нысанбайұлы – ел руханиятының дамуына сүбелі еңбек сіңірген тарихи тұлға боп ел жадында мәңгі сақталмақ.
️