МӘМС қаражатын жымқырған клиника басшысы Испаниядан зәулім үй сатып алған

15
15.01.2026 18:49

МӘМС қаражатын жымқырған клиника басшысы Испаниядан зәулім үй сатып алған. Астанадағы екі жеке медициналық клиниканың басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 682 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, 2022 жылы клиникалар мен қор арасында 2,4 миллиард теңгеге медициналық қызмет көрсету жөнінде келісімшарт жасалған. Оның ішінде мобильді медициналық пойыз қызметтері де бар. Алайда тергеу барысында клиника басшылары алаяқтық схема ұйымдастырғаны анықталды. Пациенттер медициналық көмек алмағанына қарамастан, ақпараттық жүйеге жалған диагноздар мен қызметтер енгізілген.