Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында үкімет басшысы өңірдегі ірі өндірістік және логистикалық жобалардың барысынмен танысып, аймақтың индустриялық әлеуетіне баға берді. Айта кетейік, Алматы облысына тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 300 миллиард теңгеге жетті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 29 пайызға артық. Соның нәтижесінде өңірде 72 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
️