Қазақстанда оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінде қалғысы келетін жеке кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы тиіс, әйтпесе олар автоматты түрде жалпыға бірдей салық режиміне өтеді. Биыл күшіне енген жаңа Салық кодексіне сәйкес, арнаулы салық режимдері 7-ден 3-ке қысқарып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын бизнес және фермерлер үшін бөлек жүйе енгізілді. Оңайлатылған декларация жылдық табысы 2,5 млрд теңгеге дейінгі кәсіпкерлерге арналған, бұл режимде салық табыс көлемінің 2–4 пайызы мөлшерінде төленіп, есептілік жылына екі рет қана тапсырылады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылы режим таңдаған кәсіпкерлер де қайтадан хабарлама жолдауы қажет, себебі 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген өтініштер жарамсыз саналады.
️