Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасын дамыту және энергия тапшылығын жою мәселелеріне арналған жиын өткізді. Үкімет басшысы энергетикалық жобалардың мерзімінің кейінге шегерілуін сынға алып, барлық нысандардың уақытында іске қосылуы тиіс екенін қадап айтты. Энергетика министрлігінің мәліметінше, өткен жылы электр энергиясын тұтыну 124,6 млрд кВтсағ, ал өндіріс көлемі 123,1 млрд кВтсағ болды. Соңғы екі жылда саланы ырықтандыру нәтижесінде 902 млрд теңге инвестиция тартылып, технологиялық бұзушылықтар 27%-ға азайды. Жиында сонымен қатар 9 Жылу электр орталығы тәуекелі жоғары «қызыл аймақтан» шығарылғаны белгілі болды.
️