Түркістан облысында 2 469 кәсіпорын өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан мүлде сақтандырмаған. Бұл – өңірдегі әр екінші кәсіпорын еңбек заңнамасының талабын қасақана орындамай отыр деген сөз. Бүгінде облыста жұмыс істеп тұрған 5 172 кәсіпорынның тек 52 пайызы ғана міндетті сақтандыру шартын жасаған. Ал қалған жұмыс орындарында еңбек үстінде жарақат алған немесе қайғылы жағдайға тап болған қызметкерлер өтемақысыз қалу қаупінде. Заң талаптарын елемеген жұмыс берушілерге әкімшілік айыппұл қарастырылған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы мұндай фактілерді анықтау және жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін бақылауды күшейткенін мәлімдеді.
️